RU

Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Telegram logo VKontakte logo

Синоптиктер аптап ыстыққа байланысты еліміздің жеті өңірінде ескерту жариялады. Олардың қатарында Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Ақмола облыстары бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

  • Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, 2 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай тұрып, оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады және оның екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтіліп отыр. Күндіз аймақтың басым бөлігінде 35-38 градусқа дейін ыстық сақталады.
  • 2 тамызда, 3 тамызда Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетуі мүмкін. Күндіз 2-3 тамызда облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
  • 2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында 35-36 градус күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болуы мүмкін.
  • 2 тамызда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ. Өңірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
  • 2 тамызда Қызылорда облысында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
  • Күндіз 02 тамызда Қостанай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
  • 2 тамызда Ақмола облысында 31-36 градус ыстық күтіледі. Өңірде түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Тағы да оқыңыздар

Қарағандыда бірнеше шақырымға созылған ерекше бұлт видеоға түсіп қалды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды