Выйти
RU

Еліміздің бірнеше өңірінде карантин күшейтілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүйсенбіден бастап Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында карантин күшейтіліп, 17 тамызға дейін жалғасады. Ал Қостанай облысында қатаң шектеулер тек демалыс күндері ғана күшіне енбек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Lada.kz мәліметінше, COVID-19 вирусының таралуын алдын алу мақсатында, Маңғыстау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан.

Тиісті құжатта дүйсенбіден бастап осы аймақта қалааралық автобус пен Ақтау қаласындағы қоғамдық көлік қызметінің тоқтайтыны жазылған.

Одан бөлек, сауда үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық орталықтары, кафенің жазғы алаңдары мен мейрамханалар жұмыс істемейді. Тамақтану мекемелері тек жеткізу қызметтерін орындабақ.

2020 жылдың 3 тамыз және 17 тамыз аралығында Қостанай облысы аумағында қатаң шектеу шаралары қабылданады. Бұл туралы өңірдің бас санитарының орынбасары жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

Алматы мен Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген сауна әшкере болды

Қаулыда аймақта құрылыс материалдарын, санитарлық-техникалық және санитарлық-гигиеналық тауарларды, ауыл шаруашылығы мен саяжайға арналған тауарларды, авто және ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді, салттық керек-жарақтар мен тауарларды өткізумен айналысатын дүкендерді қоспағанда, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне тыйым салынатыны көрсетілген.

Сонымен қатар тұрғындарға саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға, қоғамдық және ұйымдастырылмаған жағажайларға, халықтың өзге де демалыс орындарына баруға болмайды.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде көшеде міндетті түрде маска тағып жүру талабы бекітілген болатын.

Жаңа ереже бойынша тұрғындар: жабық нысандарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйымдар мен басқа жерлерде), көлікте және көшеде жүргенде, COVID-19 ауруы бойынша күдікті адамға көмектескенде, коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе түшкіру) маска тағып жүруге міндетті.

Тағы да оқыңыздар

17 тамызға дейін карантин: Қазақстанда сауда үйлері мен салондар қашан ашылады

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің бірнеше өңірінде карантин күшейтілді