Выйти
RU

Жаңартылған COVID-19 статистикасы: Өткен тәулікте 6407 адам ауырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижелері жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

COVID–19 және пневмония жағдайлары бойынша деректердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау министрлігі 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін айқындады. ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық Бюросымен бірқатар техникалық консультациялардан кейін аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтары бойынша COVID-19 жағдайларын кодтауға және есепке алуға көшу туралы шешім қабылданды.

  • 2020 жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 зертханалық расталған жағдайлары коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар ПТР тесттің теріс нәтижесі, пневмония жағдайлары ескеріледі.

Тағы да оқыңыздар

ДСМ: Жаңартылған коронавирус статистикасы 2 тамызда жарияланады

"Кронавирус инфекциясы және пневмонияны есепке алудың өзгертілген тәсілдері аурудың дұрыс болжамдарын жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадрларды, төсек-орындарын, медициналық жабдықтарды, дәрілік заттарды барабар жоспарлауға, сондай-ақ статистиканың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл біздің мемлекетіміздің коронавирустық пандемияға бірлесіп қарсы тұруға және оның салдарын халықаралық қауымдастықпен тығыз байланыста зерттеуге дайын екендігінің ашық саясатын көрсетеді", - делінген хабарламада. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясы бойынша статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін кодтау алгоритмі мен ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу жөніндегі нұсқаулықты әзірледі, АХЖ-10 жіктемесінде COVID-19 кодтарын тағайындауға қатысты медицина қызметкерлерін оқытты.

"Осылайша, 2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, COVID-19 зертханалық расталған жағдайлардың саны - 1226, соңғы бір тәулікте 36 адам қайтыс болды. Анықталмаған этиологиясы бар, бірақ коронавирус инфекцияның клиникалық және эпидемиологиялық белгілері табылған пневмониямен ауырғандар саны – 5181. Өткен тәулікте пневмония диагнозымен 30 өлім жағдайы тіркелді", - деді COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Тағы да оқыңыздар

ДСМ көз жұмған дәрігерлердің отбасыларына берілетін төлемге өтінім білдірмеген

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді тапсырған болатын.

Кейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 тамыздан бастап коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетінін хабарлады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жаңартылған COVID-19 статистикасы: Өткен тәулікте 6407 адам ауырған