Выйти
RU

Коронавирус қанша уақытқа созылады: Дүниежүзілік денсаулық ұйымы болжам жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері коронавирус індеті әлі де ұзаққа созылатынын мәлім етті. Олар эпидемия салдарын адамдар ондаған жылдар бойы тартады деп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап жазады.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

Басылым мәліметінше, өткен жұмада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі комитеттің төртінші отырысы өтті.

Комитет өкілдерінің сөзіне сенсек, пандемия әлі де ұзаққа созылады. Сондықтан жергілікті, ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейде эпидемияға қарсы іс-шараларды жалғастыру қажет.

Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебреисус коронавирус әлі де адамзатқа үлкен қауіп төндіріп тұрғанын атап өтті.

"Пандемия – денсаулық сақтау саласындағы ірі және бұрын-соңды болмаған дағдарыс, оның салдарын ондаған жылдар бойы тартатын боламыз. Ауыр күндер артта қалды деп ойлаған көптеген елде ауру қайта өршіп жатыр. Пандемияның алғашқы апталары жеңіл-желпі өткен мемлекеттерде қазіргі күні науқастар саны мен өлімі күрт өсуде", - деді ұйым жетекшісі.

Соңғы деректер бойынша әлемде коронавирус инфекциясынан 675 мыңнан астам адам көз жұмды. Барлығы 17 миллионнан астам адам вирус жұқтырған.

Еске сала кетсек, Қазақстанда COVID-19 бойынша жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижелері жарияланды. Оған сәйкес, өткен тәулікте елімізде инфекция 6407 адамнан анықталған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус қанша уақытқа созылады: Дүниежүзілік денсаулық ұйымы болжам жасады