Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров өмірден өтті (фото)

Опубликовано:

Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына сілтеме жасап.

Фото: Отырар арнасы
Фото: Отырар арнасы: Depositphotos
"Тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды. Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді.

Марқұмның барлық туған- туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз! Ағамыздың жаны жанатта болғай!" - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Свердловск ауданы, Чапаев елді мекенінде өмір есігін ашқан.

Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Жақсылық Үшкемпіровтің жанұясы мен жақындарына көңіл айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ғылым саңлағы, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 82 жасында өмірден озғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867741-olimpiada-cempiony-zaksylyk-skempirov-mirden-tti-foto/

pixel