Выйти
RU

Қазақстандықтарды тамыз айында не күтіп тұр: Маман өз болжамын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал отандық астролог Ирина Әбдірайымова тамыз айына болжам жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ол тамыз айының басты астрологиялық оқиғаларына тоқталды.

Ирина Әбдірайымованың сөзінше, осы айда біраз елде саяси және әлеуметтік жағдай шиеленіседі. Билік өз күшімен халықты басқан сайын, олардың наразылығы күшейеді, көшеге митингке шығуы жиілейді.

"Әлемдік тұрақсыздықтың соңы ашық әскери агрессияға әкеп соғуы мүмкін. Көптеген елде жаппай тәртіпсіздіктер, ереуілдер орын алады. Заң шығару билігіне қатысты түйткілдер туындайды. Билік қарсыласты тоқтату үшін қатаң әдіс-тәсілдер қолданады, бірақ мұның арты жақсылыққа апармайды", - деп болжады отандық маман.

Сонымен қатар, оның болжамынша, қылмыс көбейеді, табиғи апаттар, алапат өрт болады.

Тағы да оқыңыздар

Алматыдағы аурухана дәретханасының суреті желіде қызу пікірталас туғызды (фото)

Ирина Әбдірайымова тамыздың соңында мұнай бағасы аздап көтерілуі мүмкін, бірақ жалпы экономикалық жағдай одан әрі нашарлайды деп отыр.

Астрологтың сөзінше, осы айда транссатурндық планеталар ретроградты қозғалыста болады. Сатурн мен Юпитер де олардың қатарында. Әлеуметтік планеталардың кері қозғалысы бизнесте проблемаларға әкеп соғуы мүмкін, деп түсіндірді ол.

"Бұл айда кәсібін кеңейту үшін кредит алғысы келетін немесе инвестор тартуды жоспарлап жүрген азаматтарға күте тұруға кеңес беремін. Осы кезеңде банктен несие алғандар оны уақытында төлей алмай қиналады. Қазір тың дүниені қолға алудың қажеті жоқ, ең дұрысы, тексерілген жолдармен жүру", - деді Әбдірайымова.

Ол тамыз айы ұзақ мерзімді келісімшарт бекіту үшін де қолайсыз кезең екенін атап өтті.

Тағы да оқыңыздар

ҚМДБ қандай малды құрбандыққа шалуға болмайтынын айтты

Маманның сөзінше, осы айда жергілікті олигархтардың қаржылық заңбұзушылықтары бүкіл жұртқа жария болуы мүмкін. Капиталын шетелге шығарған байлардың шоттары бұғатталуы ғажап емес.

Сонымен қатар, Әбдірайымова тамыздың басында адамдардың жұмысқа ынтасы артатынын жеткізді. Сонымен қатар, олар атаққұмарлыққа, өктемдікке ұмтылады. Дау-жанжалға бейім болады деп отыр.

"1-3 тамыз – белсенділік, ашушаңдық, дау-жанжалға бейімділік уақыты. Жол апаттары жиілеуі мүмкін. Адамдар арасындағы қарым-қатынасқа сызат түседі", - деп ескертті маман.

Ирина Әбдірайымова 1 мен 5 тамыз аралығында бірнеше істі бастамауға кеңес берді.

"Менмендік, асығыс шешім қабылдау, бәсекелестік сізді қателіктер мен дау-жанжалға ұрындырады. Білім жүйесін толығымен онлайнға көшіру мәселесі көтеріледі. Бұл балалардың денсаулығы мен психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін", - дейді астролог.

Тағы да оқыңыздар

Футболдан Қазақстан чемпионаты 3 тамызда қайта жалғасады

Ал 5 тамыздан ақыл-ой жұмысы күшейеді. 8 тамыздан берік отбасы құруға құлшыныс оянады. Маман кездейсоқ кездесу баянды махаббатқа ұласуы мүмкін екенін жасырмады.

Оның айтуынша, 9 -10 тамыз күндері жұмыста келеңсіз жайттар, қызметкерлер жұмыстан шығарылуы немесе қысқартылу мүмкін. Келісімдер бұзылып, кездесулер мен сапарлар кейінге қалады деп болжануда. Жерүсті және әуе көлігі апаттарының жиілеуіне байланысты жолға шықпаған абзал.

"12 мен 18 тамыз аралығында халық бас көтеруі мүмкін. Сол себепті кісі көп жүретін жерлерге бармаңыз, зардап шегуіңіз ғажап емес. Бұл күндері қатыгездікпен, арсыздықпен бетпе-бет келесіз. Фанатиктер, экстремистер мен террористер, адам зорлайтындар белсенді іс-қимылға көшеді. Күш құрылымдарымен қақтығыстар орын алуы мүмкін",  - деп бөлісті өз болжамымен Ирина Әбдірайымова.

Тағы да оқыңыздар

Сәтбаев әкімі отставкаға кетуге өтініш білдірді

Десе де, маманның айтуынша, осы аралық қызықты, шығармашылық әрі интеллектуалды кездесулер мен әңгімелер үшін өте сәтті уақыт. Романтикалық кездесулер мен достар кешін ұйымдастыруға жақсы.

Ал маман 19 тамызда іскерлік кездесу өткізіп, құжаттарды реттеуге және жаңа келісімдер бекітуге болады деп отыр.

Астролог 24-25 және 29, 30 тамыз күндері ақшаны босқа шашпауға кеңес берді.

"Жарамдылық мерзімі бір немесе одан көп жылды құрайтын азық-түлік тауарларын сатып ала беріңіз. Бұл ай ауыр болғалы тұр. Тамыз ғана емес, жалпы күз мезгілі азаматтарға оңайға соқпайды", - деп сөзін қорытындылады астролог.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандықтарды тамыз айында не күтіп тұр: Маман өз болжамын айтты