Выйти
RU

Телефон экранын неліктен төмен қаратып қою керек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Плеханов атындағы Ресей экономика университетінің информатика кафедрасының доценті Александр Тимофеев ұялы телефонның экранын төмен қаратып қойса, оның қызмет ету мерзімі ұзаратынын мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Сарапшының сөзінше, экран төмен қарап тұрса, смартфон камерасына зақым келмейді және дисплейі қызбайды.

"Адамдар телефон сатып алған уақытта бірден қорғайтын шыны қояды. Сол себепті телефонның камера жағын емес, экран жағын төмен қаратып қою әлдеқайда қауіпсіз", - дейді Александр Тимофеев.

Себеі телефон экранын қорғаудың түрлі жолы бар. Ал камера үшін бұндай жағдай жасалмаған. Объективінде линза көп болғандықтан, көптеген телефон камерасын қорғау қиын екені айтылып отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін үйде жұмыс істегенде қандай ережелерді сақтаған жөн екенін жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Телефон экранын неліктен төмен қаратып қою керек