RU

Үшкемпіровтің туыстары халықты жерлеу рәсіміне келуден бас тартуға шақырады

Telegram logo VKontakte logo

Жақсылық Үшкемпіровті ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне отбасы мүшелері ғана қатысады. Бұл еліміздегі індетке байланысты болып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жақсылық Үшкемпіровтің отбасы халықты жерлеу шарасына қатыспауға шақырды

Фото: malim.kz: UGC

Жақсылық Үшкемпіровтің туған-туыстары көңіл айтып, қолдау көрсеткендері үшін барша қазақстандықтарға, әсіресе, Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ, марқұмның туыстары халықты жерлеу рәсіміне келуден бас тартуға шақырады.

Бұл пандемияға және адамдардың жаппай жиналуын болдырмау үшін жасалып отырғаны хабарланды. Жерлеу рәсімі тек Жақсылық Үшкемпіровтің отбасының қатысумен ғана өтеді.

Қоштасу рәсіміне қатысты шаралардың барлығы тек тура бір жылдан кейін өтпек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiровтің өмірден өткенін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар

Тоқаев COVID-19 пен өкпе қабынуынан көз жұмғандар саны әлі де жоғары екенін айтты

Айта кету керек, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері 69 жасында өмірден өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты спортшының қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Үшкемпіровтің туыстары халықты жерлеу рәсіміне келуден бас тартуға шақырады