RU

Бетін толықтай ауыстырған әйел адам өмірден өтті

Telegram logo VKontakte logo

АҚШ-та тұңғыш рет бетін толықтай ауыстырған Огайо штатының тұрғыны Конни Кэлп 57 жасында көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Бетін толықтай ауыстырған әйел адам өмірден өтті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Коннидің дүниеден озғанын 31 шілде күні Кливленд клиникасы растады. Айта кету керек, әйел адам 2008 жылы аталған мекемеде ота жасатқан.

"Конни керемет батыл адам, көпшілікті шабыттандыратын әйел еді", - дейді клиниканың Дерматология және пластикалық хирургия институтының төрағасы Фрэнк Папай.

Дәрігердің айтуынша, Конни осыншалық қиын отаны жасата отырып, ең ұзақ өмір сүрген пацинет болған.

"Оның күрделі процедураны алғашқылардың бірі болып жасату туралы шешімі бүкіл адамзат үшін баға жетпес сыйлық болды", - деп қорытындылады Папай.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қатерлі ісікке шалдыққан науқастың ота кезінде дәрігерлерге скрипкада ойнап бергенін жазған едік.

Тағы да оқыңыздар

Өзінің жасынан әлдеқайда жас көрінетін азаматша желі қолданушыларын таңғалдырды (фото)

53 жастағы англиялық скрипкашы әйел өзінің қатерлі ісікпен ауыратынын білген. Ол музыкалық аспапта ойнағанды жақсы көргені сонша, тіпті отадан кейін бұл қабілеттен айырылып қаламын ба деп қорқыпты.

Алайда дәрігерлер мәселені шешу үшін ота кезінде әйелге скрипка ұстатып, өнер көрсетуін талап еткен.

Ақ халаттылардың талабын бұлжытпай орындаған әйел үш күннен кейін күйеуі мен балаларының жанына қайт оралған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Бетін толықтай ауыстырған әйел адам өмірден өтті