Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Салтанат Рахымбекованың отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекованың отбасына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: Instagram

Президент танымал қоғам қайраткері, эколог, экономика ғылымдарының докторы Салтанат Темірқұлқызы Рахымбекованың дүниеден өтуіне байланысты оның жұбайы, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбековке және отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

"Салтанат Темірқұлқызы әр жылдары қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жетілдіру, сондай-ақ, "Жасыл" экономиканы дамыту бағытында көп іс атқарды. Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағының тең төрайымы, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті болып, еліміздегі саяси-қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 3 тамызына қараған түні Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рахымбекова өмірден өтті.

Бұл туралы марқұмның жары Төлеутай Рахымбеков хабарлады. Рахымбекова жүрек-өкпе жеткіліксіздігінен қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1867836-prezident-saltanat-rahymbekovany-otbasyna-kil-ajtty/

pixel