Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой: Қазақстан COVID-19-дың шарықтау шегінен өткенін сеніммен айта аламыз

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында Қазақстандағы коронавирус эпидемиясына байланысты жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді. Айтуынша, еліміз аурудың шарықтау шегінен өткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алексей Цой. Фото: ОКҚ
Алексей Цой. Фото: ОКҚ: Facebook

Алексей Цойдың мәліметінше, елде эпидемия басталғалы бері вирус жұқтырған 91 662 науқастың 67 пайызы жазылып шыққан – бұл 62 511 адам.

Өткен тәулік ішінде аталған дерттен 671 адам айыққан.

Ведомство басшысы Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Ақмола, Маңғыстау облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында "жағдай жақсарғанын" мәлім етті.

"Жағдай тұрақталды деп сенімді түрде айта аламыз, аурудың шарықтау шегі өтті, оны өздеріңіз де көріп отырсыздар", – деп мәлімдеді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан қазіргі карантиннің арқасында аурудың өсімін 2 есе төмендеткен. Стационарлардағы жүктеме де азайған.

"Шілде айында кейбір ауруханаларда қиын жағдай туындады. Ал бүгінде стационарлардағы төсек орындардың 34 пайызы ғана толып отыр", – дейді Цой.

Сонымен қатар министр елімізде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 55 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрінің ақпарынша, 2 тамызда коронавирустан ПТР нәтжиесі оң болған 34 қазақстандық, сонымен қатар ПТР нәтижесі теріс болған, алайда ауру белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас 21 адам пневмониядан көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867837-coj-kazakstan-covid-19-dy-saryktau-seginen-tkenin-senimmen-ajta-alamyz/

pixel