RU

Екі сағат бойы бос отырғанын видеоға түсірген жігіт желіде жұлдыз болды

Telegram logo VKontakte logo

Индонезиялық Дидит есімді блогер желіге екі сағатқа жуық уақыт тапжылмай отырған видеосын жариялаған. Аталған видео желі қолданушыларының назарын аударып, үлкен пікірталастың туындауына себеп болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Екі сағат бойы өзінің құры отырғанын видеоға түсірген жігіт желіде жұлдыз болды

Фото: Видеодан кадр: UGC

Әдетте Диди әртүрлі тәжірибелер жасап, YouTube арнасына жариялайды. Оның тіпті, көрермендерінің өтініші бойынша сабын жеген күндері де болған. Алайда блогердің видеолары осы күнге дейін айтарлықтай қаралым жинамапты.

Бірде жігіт төсегіне отырып, қабырғаға қарап тұрғанын видеоға түсіре бастаған. Осылай тапжылмастан екі сағат уақытын құры өткізген блогер роликті өз арнасына жариялауды жөн көрген.

Бір қызығы, видео бірден көрермендердің көңілінен шығып, 1,1 миллион рет қаралды, сондай-ақ, Дидидің арнасына жазылған адамдар саны да күрт өсті.

Ролик Индонезияның әлеуметтік желілерінде кең танымалдыққа ие болды.

"Мұндай видеоны неліктен түсіргенімді айта кеткен жөн шығар. Желіде көпшілік мені жиі сынап, түкке тұрғысыз дүние жасап жүргенімді айтатын. Олардың ойынша, маған жас буынға үлгі боларлық видео түсірген дұрыс еді. Міне, мен олардың өтінішін орындадым", - деді блогер.

Желі қолданушылар видео астында түрлі пікір жазып қалдырды. Олардың бірі жігіттің көзқарасынан шошынғанын айтса, енді бірі оның екі сағат бойы не туралы ойлағанына қызығушылық танытқанын жазды.

Естеріңізге сала кетейік, қайнаған майға қолын салған танымал блогердің аман қалғанын жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Екі сағат бойы бос отырғанын видеоға түсірген жігіт желіде жұлдыз болды