RU

Алексей Цой өз орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Telegram logo VKontakte logo

Денсаулық сақтау министрі онлайн-брифинг барсында ақша жымқыру бойынша күдікке ілініп, ұсталған орынбасары, вице-министр Олжас Әбішевке қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Олжас Әбішев. Фото: baigenews.kz

Олжас Әбішев. Фото: baigenews.kz: Facebook

БАҚ өкілдері министрге Әбішевтің ісіне қатысты бірнеше сұрақ қойды. Атап айтқанда, журналистер Әбішевтің ұсталған кезде министрлікте қызмет істеген-істемегенін, қандай сомада ақша жымқыру бойынша күдіктелгенін, оның орнына вице-министр қызметіне кім келетінін сұрады.

Ведомство басшысының айтуынша, Әбішев өткен аптада өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазған.

Министр оның қандай сомада ақша жымқыру бойынша күдіктелгенін және істің басқа да мән-жайын айтпады. Ол тергеу әлі де жалғасып жатқанын тілге тиек етті.

"Бізде расталған ақпарат жоқ, тергеу жүріп жатыр. Құзырлы органдар өздерінде бар ақпаратты жеткізеді", – дейді Цой.

Тағы да оқыңыздар

Айдос Сарым шенеуніктерді табыс декларациясын ашық дереккөздерге жариялауға шақырды

Ол сондай-ақ вице-министрдің өтініші қаралып жатқанын, оны қызметінен босату туралы шешім кейінірек қабылданатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталғанын қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті растаған болатын.

Айта кетейік, Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2018 жылы тағайындалған еді. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласына жетекшілік етті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алексей Цой өз орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді