RU

Қазақстанда карантин мерзімі ұзартыла ма

Telegram logo VKontakte logo

Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте Денсаулық сақтау министріне Қазақстандағы карантиннің болашағы жайлы сұрақ қойылды. Covid-19 статистикасына пневмония көрсеткішінің қосылуына байланысты ауырғандар саны артады. Цой статистиканың өсуі шектеулерді ұзартуға себеп бола ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда карантин мерзімі ұзартыла ма

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Алейсей Цой Денсаулық сақтау министрлігі инфекция жұқтырғандар санының көбейгеніне емес, аурудың өсу динамикасына назар аударатынын айтты.

Алдағы ұзартылған карантиннің екі аптасы бойы министрлік ауру өсімін бақылайтын болады. Соның негізінде ведомствоаралық комиссия карантинді ұзарту немесе оны жеңілдету туралы шешім қабылдайды.

Алексей Цой денсаулық сақтау министрлігінің карантинді жеңілдету жоспары дайын екенін де атап өтті.

Министрдің сөзінше, әзірге елдегі динамика оң.

"Егер аурудың тұрақты төмендеуін байқасақ, онда карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жоспарымыз бар", – деді Цой.

Тағы да оқыңыздар

Өкпе қабынуынан көз жұмғандар қалай жерленеді

Сондай-ақ, бүгінгі брифинг барысында министр Қазақстан COVID-19-дың шарықтау шегінен өткенін мәлімдеді.

Цойдың мәліметінше, елде эпидемия басталғалы бері вирус жұқтырған 91 662 науқастың 67 пайызы жазылып шыққан – бұл 62 511 адам.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанда карантин мерзімі ұзартыла ма