RU

Өкпе қабынуынан көз жұмғандар қалай жерленеді

Telegram logo VKontakte logo

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде өкпе қабынуынан көз жұмғандарға коронавирустан қайтыс болғандардың жерлеу ережесі қолданылатынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: РИА Новости / Парвез Ахмад
Көрнекі фото: РИА Новости / Парвез Ахмад: Instagram

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте министрге "коронавирустан қаза тапқандарды жерлеу ережесі өкпе қабынуынан қайтыс болғандарға да қолданыла ма?" деген сұрақ қойылған.

Өз кезегінде Алексей Цой бұның бірдей жағдай екенін тілге тиек етті.

"Сондықтан емдеу шараларымен қатар басқа да прициптер сақталатын болады", - дейді министр.

Еске сала кетейік, еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың коронавирус індетінен қайтыс болғандарды жерлеу алгоритміне қатысты айқындалған қаулысы шыққан болатын.

Аталған қаулының қосымшасына сәйкес, COVID-19-ға күдікті адам қайтыс болғанда эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып тез арада жүргізіледі.

Тағы да оқыңыздар

Цой: Қазақстан COVID-19-дың шарықтау шегінен өткенін сеніммен айта аламыз

СОVID-19 диагнозы зертханалық расталған жағдайда қайтыс болған адамның денесі ашылмайды және туыстарына берілмейді.

Ал COVID-19-ға күдікті қайтыс болғанда мәйіт зертханалық зерттеу нәтижесі шыққанша туыстарына берілмейді.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 55 адам қайтыс болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Өкпе қабынуынан көз жұмғандар қалай жерленеді