RU

Оңтүстік Кореяда нөсер жауды: қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер бар (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Оңтүстік Кореяда муссондық жаңбыр жауып, кем дегенде 14 адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Российская Газета-ға сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда нөсер жауды: қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер бар
Фото: facebook.com/joongang: UGC

Оңтүстік Корея үшінші күн қатарынан муссондық жаңбырдың астында қалды, елдің орталық және елордалық аймақтары, соның ішінде Сеул, Кенги, Солтүстік Чхунчхон және Канвон қалалары қатты зардап шеккен. Кей жерлерде жауын-шашын мөлшері 300-400 мм-ден асып түскен.

Оңтүстік Кореяда нөсер жауды: қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер бар
Фото: facebook.com/joongang: UGC

Метеорологтар мен Құтқару қызметі табиғаттың сұрапыл соққысы туралы алдын ала ескерткен, бірақ апат салдары көптің күткенінен де күштірек болған. Елде жер көшкіні орын алып, өзендер жағалаулардан асып, тас жол мен темір жолдарды жауып қалған, бұл электр желілерінің құлауына себеп болған. Кенги провинциясының бір аймағындағы бөгет бұзылған. Ал одан аққан тасқын су төменде орналасқан ауылды басып қалған.

Тағы да оқыңыздар

Ақтауда газ баллон жарылып, ер адам көз жұмды

Оңтүстік Кореяда нөсер жауды: қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер бар
Фото: facebook.com/joongang: UGC

Жалпы, 94 үйге қатты зақым келді, бір жарым мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Алты адамның қаза тапқаны расталды, ал сегіз адам хабар-ошарсыз кетті. Тағы алты адам ауыр жарақат алғаны белгілі болды.

Оңтүстік Кореяда нөсер жауды: қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер бар
Фото: facebook.com/joongang: UGC

Синоптиктер жағдайдың одан әрі нашарлай түсуі мүмкін екенін ескертеді: оңтүстік-батыстан Корея түбегіне күшті тайфун жақындап келеді, сондықтан алдағы бірнеше күнде нөсер жаңбыр жауады. Сонымен қатар, көптеген аймақта жауын-шашын бұрынғыға қарағанда күшті болады деген болжам бар. Алдағы екі-үш күнде кей жерлерде жауын-шашын мөлшері қосымша 400-500 және одан да көп миллиметрді құрайды.

Еске салсақ, бұған дейін көршілес жатқан Қытайдың шығыс аймағында орын алған су тасқыны салдарынан Цзянси қаласының 589 мың тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілген еді.

Тағы да оқыңыздар

Жерде жатқан өлі қарғалар Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарын шошытты (видео)

Табиғи апаттың салдарымен күресуге 25 мыңға жуық полиция мен әскери қызметкерлер жұмылдырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Оңтүстік Кореяда нөсер жауды: қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер бар (фото)