RU

БАҚ: Әлемнің ең бай елдері жаппай коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуда

Telegram logo VKontakte logo

Әлемдегі ең бай елдер коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1,3 миллиардтан астам дозасын сатып алу туралы келісімге қол қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Airfinity сарапшыларының мәліметіне сәйкес, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және Еуроодақ елдері тағы 1,5 млрд вакцина сатып алуға ниетті.

Мамандар мұндай "жаппай сатып алудың" өзге елдерге қауіп тудыратынын болжауда. Олар вакцинаны соңғы кезекте сатып алулары мүмкін.

Сарапшылардың мәліметінше, АҚШ пен Ұлыбритания Sanofi және GlaxoSmithKline Plc компанияларымен, ал Жапония Pfizer компаниясымен келісім жасап қойған.

Мамандар препараттар мөлшерінің әлемнің барлық халқына жетпей қалуынан қауіптеніп отыр. Ал кедей елдер 2009 жылғы жағдайды қайтадан бастан өткеруі мүмкін. Ол кезде бірқатар мемлекеттер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді монополияландырып алған болатын.

Тағы да оқыңыздар

БАҚ: Ресей екі аптадан кейін COVID-19 вакцинасын шығарады

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім неге аз тіркелетінін түсіндірген болатын.

БАҚ өкілдерінің деректеріне сәйкес, вирус жұқтырғандар саны Қазақстан сияқты 90 мың адамға жеткен өзге елдерде 4 мыңнан 5 мың науқасқа дейін қайтыс болып жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
БАҚ: Әлемнің ең бай елдері жаппай коронавирусқа қарсы вакцина сатып алуда