RU

АҚШ-та өмір сүретін жабайы жануар Алматы көшелерінде жүр

Telegram logo VKontakte logo

Америкада өмір сүретін жануар Алматы көшелерінде жүр. Көлік жүргізушісі бұл ерекше жағдайды суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

АҚШ-та өмір сүретін жабайы жануар Алматы көшелерінде жүр
Фото: instagram.com/interesting_gres: UGC

Көлік айдап келе жатқан адамның алдынан кесе көлденең қашқан жануар шидің арасына кіріп, жоқ болып кеткен.

"Сирек кездесетін жануарды қала тұрғыны байқап қалған. Жануар көліктің алдынан кес-кестеп шыққан. Жүргізуші тез арада көлікті тоқтатып, суретке түсіріп үлгерген", – делінген Instagram парақшасындағы жазбада.

Экология және геология, табиғи ресурстар министрлігі бұл деректі тексеріп жатыр.

"Кіреукей (броненосец) – Оңтүстік және Солтүстік Америкада өмір сүретін сүтқоректілер санатына жататын жануар. Негізінен Қазақстанда өмір сүрмейді. Әлеуметтік желіде жарияланған дерекке байланысты қазір тексеру жүріп жатыр", – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыздар

"Оқ атқан ба": Желіде Qazaq Air ұшағындағы ақаулардың суреті тарап кетті

Айта кету керек, Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылының жергілікті тұрғындары көшеде жүрген арыстанды көріп, дабыл қаққан болатын. Жыртқыш жануарды мамандар ұстап, циркке табыстады.

Еске салсақ, Ақтаудағы демалушылардың Каспий теңізіндегі итбалыққа тас лақтырғаны туралы бейнеролик қазақстандықтардың ашуын туғызған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
АҚШ-та өмір сүретін жабайы жануар Алматы көшелерінде жүр