Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды

Опубликовано:

Жақында ұсталған денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Олжас Әбішевке қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды
Олжас Әбішев. Фото: facebook.com/nomad83: Depositphotos

Сот органы тергеу соты жоғары лауазымды шенеунікке екі ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға рұқсат бергенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын ресми ақпарат көздері Әбішевтің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын, оны экономикалық тергеу қызметкерлері құрықтаған. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі болып екі жылдан астам уақыт қызмет етті. Денсаулық сақтау министрлігінде цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қол астындағы қызметкердің ұсталуы қатысты пікір білдірген болатын.

Оның айтуынша, шенеунік қызметінен кету туралы өтінішті өткен аптада берген. Алайда, министрлік басшысы орынбасарына қатысты іс бойынша жымқырылған қаржы көлемі мен басқа да ақпаратты жария етпеді. Ол тергеу әлі де жалғасып жатқанын тілге тиек етті.

"Бізде расталған ақпарат жоқ, тергеу жүріп жатыр. Құзырлы органдар өздерінде бар ақпаратты жеткізеді", – деді Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867919-densaulyk-saktau-vice-ministri-olzas-bisev-eki-ajga-kamauga-alyndy/

pixel