RU

"Есі ауысқан деп атайды": КВИ-ден вакцина салдырған қазақстандық жағдайымен бөлісті

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны бірінші болып салдырған азамат қазіргі жағдайымен бөлісті. Ер адам екпенің жанама әсерлері бар екенін жасырмай айтты. Қайсар Табыновтың сөзінше, алғашқы күндері оның дене қызуы көтеріліп, әлсіздік болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Қайсар Табынов. Фото: видеодан кадр.
Қайсар Табынов. Фото: видеодан кадр.: UGC

Қазақ ұлттық аграр университетіне қарасты халықаралық вакциналогия орталығының директоры осыдан бес күн бұрын екпе салдырған. Оның сөзінше, бастапқыда ол вакцинаның жанама әсерлерін қатты сезінген. Әсіресе, оның қолы ерекше ауырды. Ер адам қатты әлсіреп, дене қызуы көтеріле берген.

Алайда, қазіргі уақытта сынақтан өтіп жатқан азаматтың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Ол күнделікті жұмысына барып, қалыпты өмір сүру салтын ұстанып жүр.

Табынов бірнеше күннен кейін қан құрамында антиденелердің бар-жоғын анықтайтын үрдістен өту керек. Ол вакцина салдырғаннан бері денсаулық күнделігін жүргізіп келеді. Онда ер адам ағзасында байқаған әрбір өзгерісін жазған.

Тағы да оқыңыздар

"Үш жыл бойы көтермеген": Еркектің төсектегі қуатын арттыратын көрпеше жайлы не білеміз

"Мені есі ауысқан деп атайды. Алайда, бұл ақылға салынған әрі көп ойлана қабылданған шешім болды. Егер біз бұл вакцинаны алып келуге кеңес берсек, демек мен оның шын мәнінде қауіпсіз әрі эффективті екенін білуім керек. Мен оны өзіме жасатып дәлелдеп көргім келеді" , - деді ол.

Егер бірінші кезеңде сынақтар орынды өтсе, айдың соңында Қайсарға екпенің екінші дозасын салатын болады.

Айта кетерлігі, өзіне вакцина салдырғысы келетін өзге де адамдар болған. Шамамен, он шақты адам бұған қатысты өз қалауын ортаға салды. Табынов өзіне осыған ұқсас сынақтардан өтуге қатысты көп жүгінетінін мойындады. Бірақ, бұл жасалған сынақ ресми болып саналмайды. Себебі, денсаулық сақтау министрлігі бұл тәжірибені өткізуге рұқсат бермеген.

Тағы да оқыңыздар

"Қоғамға пайдалы болу керек": 18 жастағы ерікті өз еркімен ауруханаға жұмыс істеуге барған

Дереккөз: КТК.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Есі ауысқан деп атайды": КВИ-ден вакцина салдырған қазақстандық жағдайымен бөлісті