RU

Белгісіз адам жергілікті тұрғынды ұрып, көшеге лақтырып кеткен

Шымкент қаласында белгісіз адам көше қиылысында жергілікті тұрғынды ұрып-соғып, көшеге лақтырып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көше қиылысында белгісіз адам жергілікті тұрғынды ұрып, көшеге лақтырып кеткен
Фото: polisia.kz: UGC

26 шілде күні сағат 21:30 шамасында Алматы тас жолы мен әл-Фараби көшесінің қиылысында белгісіз адам жергілікті тұрғынды ұрып-соғып, көше бойына қалдырып кеткені туралы хабарлама Абай ауданы Полиция басқармасына келіп түскен.

Жедел тергеу тобы аталған оқиға орнына дер кезінде барып, тексеру барысында белгісіз азамат 1957 жылы туған жәбірленушіні көк-ала қойдай етіп сабап, оқиға орнынан бой тасалағанын анықтады.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша тіркелді. Алайда алған дене жарақатының салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.

Нәтижесінде қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігінен 99-бабының 1-бөлігіне қайта сараланды. Жедел іздестіру шарасын жүргізу барысында Абай ауданын Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі және Патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп, күдіктіні қолға түсірді. Ол 1979 жылы туған Түркістан облысының тумасы болып шықты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге Шымкент қаласы мамандандырылған тергеу сотымен "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы тұрғындары көшеде белгісіз біреудің шабуыл жасағанын жеткізген еді. Айтуынша, азамат біреуінің басын көліктің капотына ұрып, екіншісін қолымен соққыға жыққан екен.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1867964-belgisiz-adam-zergilikti-trgyndy-ryp-ksege-laktyryp-ketken.html