Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ваннада тұншықтырды": Алматы облысының тұрғыны өз әйелін өлтірмек болған

Опубликовано:

Алматы облысында ер адам өзінің жарын соққының астына алып, артынша ваннаға батырып өлтіруге әрекеттенген. Белгілі болғандай, ол шаңырақ көтерген 15 жылдың ішінде әйелін үнемі ұрып келген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Астана телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, ерлі-зайыптылардың төрт баласы бар.

Әйелдің әпкесі бұл жай ұрып-соғу емес деп отыр.

"Ол әйелін өлтірмек болды және сол үшін балаларын апаларына әдейі апарып тастағанын айтты. Күйеуі сіңлімді ұрып-соғып, ваннаға су толтырған. Тұншықтырған. Ақыры соңында, пышақ алып келді", - деп жағдайды түсіндірді әйелдің әпкесі.

Осыдан кейін әйел үйінен қашып шығып, жақындарына қоңырау шалып, көмек сұраған.

Ал Алматы облысының полиция департаменті күдіктінің қамауға алынғанын айтты.

"Қылмыстық іс аясында тергеу жұмыстары тағайындалды. Күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Дегенмен, әйелдің жақындары бұған келіспей отыр. Олар бұл істі "адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қарауды сұрайды", - дейді өңірдің полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оралда ер адамның бұрынғы әйелі мен қызын тірідей өртеуге әрекеттенгенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1867969-vannada-tnsyktyrdy-almaty-oblysyny-trgyny-z-jelin-ltirmek-bolgan/

pixel