Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары қалай оқиды

Опубликовано:

Білім және ғылым министрлігінің басшысы елдегі мектеп оқушыларының жаңа оқу жылында коронавирус індеті жағдайында қалай оқитынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары қалай оқиды
Көрнекі фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі: UGC

Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының бірінші тоқсанда қашықтан оқитынын еске салды. Алдын ала болжам бойынша, 2,6 миллион бала осы форматта білім алады.

Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары балаларды кезекші сыныптарда оқыту құқығын сақтайды. Ол үшін электронды түрде тиісті өтініш жазу керек.

Министр бұл норманы бастауыш сынып деңгейіндегі балалардың өздігінен білім алу дағдыларының бекітілмегенімен, жазу және оқу дағдылары толық қалыптаспағандығымен түсіндіреді, сондықтан оларға қашықтықтан үйрену қиынырақ.

Білім және ғылым министрлігінің алдын ала мәліметтері бойынша, 530 мың бала кезекші сыныптарда оқиды. Министр мұндай оқу режимі кезінде санитарлық талап қатаң сақталатынын айтты. Оның ішінде сабақтар қатаң түрде бір мұғалімнің қатысуымен бір кабинетте өткізіледі.

Шалғай ауылдарда тұратын балалар әдеттегідей оқи алады. Бүгінгі таңда оқытудың бұл әдісі 157 мыңнан астам оқушыға қолжетімді.

Сонымен бірге балалар қашықтықтан немесе жеке қосымша білім беру мекемелерінде, соның ішінде музыка мектептерінде оқи алады. Ол үшін ата-аналарға тиісті өтініш жазу керек.

Спорт клубтарына бес адамнан аспайтын шағын топтарда сабақ өткізуге рұқсат етіледі.

Балабақшалардағы кезекші топтар 15 адамнан аспайтын жағдайда ұйымдастырылады.

Еске салсақ, бұған дейін Асхат Аймағамбетов осы жылдың қыркүйегінде балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма, жоқ па деген сұраққа жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868002-zaa-oku-zylynda-mektep-okusylary-kalaj-okidy/

pixel