RU

Коронавируспен ауырған адам қалай тамақтануы керек

Telegram logo VKontakte logo

Медицина ғылымдарының кандидаты, кардиолог-дәрігер Дәуренбек Нысанов коронавируспен ауырған адамның тамақтану рационының қандай болуы керек деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Коронавируспен ауырған адам қалай тамақтануы керек
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Дәрігер басылым сұрақтарына жауап бере келе, коронавируспен ауырған адамның қалай тамақтануы қажет екенін сөз етті.

"Коронавирус қана емес, кез келген вирусқа шалдыққан адам сұйықтықты көбірек ішу керек. Мысалы, құрт езген немесе айран қосқан ыстық сорпа, әсіресе ақжелкен, бұрыш, сарымсақ, көк пияз қосқан қой етінің ыстық сорпасы, имбирь және лимон қосқан шәй, тосап қосылған шәй, немесе бал қосқан шәй, сары май қосқан ыстық сүт, қымыз, шұбат, айран ішкен дұрыс" - дейді кардиолог-маман.

Маманның сөзінше, ағзадағы улы заттар сұйық тағамда мен сусынның көмегімен сыртқа жылдам шығады. Сол себепті сұйықтыққа немқұрайлы қарамаған жөн.

Тағы да оқыңыздар

Коронавирустан жазылған соң организмді қалай қалпына келтіруге болады

"Сұйықтықты көбірек ішіп терлеген жағдайда ағзаңызды уландыратын токсиндер термен бірге сыртқа шығады, дене қызуыңыз төмендейді, иммунитетіңіз белсенді түрде коронавируспен күреседі. Сонымен қатар, көкөністерді, жеміс-жидектерді көбірек жеу керек.

Мысалы, еліміздегі жергілікті шие, өрік, бүлдірген, қарақат, сәбіз, қызанақ, қияр, қарбыз, қауын, алма, сондай-ақ арахис, кешью, фундук, пісте, грек жаңғағы, асқабақ дәні, миндаль, қырыққабат, қызылша, картоп және тағы басқалары ас мәзірінде болуы тиіс. Осылардың құрамында иммунитетіңізді көтеретін организміңізге керекті дәрумендер, амин қышқылдары, көмірсулар, майлар, макро-микроэлементтер бар", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің онлайн отырысында күзде туындауы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болуды, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыруды тапсырды.

Көп адам өкпесінің қабынғанын неге кеш біледі: Отандық дәрігер түсініктеме берді

Тағы да оқыңыздар

Көп адам өкпесінің қабынғанын неге кеш біледі: Отандық дәрігер түсініктеме берді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Коронавируспен ауырған адам қалай тамақтануы керек