RU

Ғалымдар масканың коронавирус жұқтыру қаупін төмендететінін мәлімдеді

Telegram logo VKontakte logo

Американың қоғамдық орындарда маска киюді міндеттеген аймақтарында коронавирустың таралу деңгейі төмендеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Gobal Times басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдар масканың коронавирус жұқтыру қаупін төмендететінін мәлімдеді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бес күннен кейін коронавирустың күнделікті өсу қарқыны 1% -дан азайды, ал 21 күннен кейін өсу қарқыны шамамен 2%-ға баяулады. Мұндай мәліметтерді Айова университетінің денсаулық сақтау басқармасы және Колледж саясаты департаментінің зерттеушілері келтірді.

8 сәуір мен 15 мамыр аралығында АҚШ-тың 15 штатының губернаторлары мен Вашингтон қаласының мэрі қоғамдық орындарда маска кию туралы жарлықтарға қол қойды. Зерттеушілер 31 наурыз бен 22 мамыр аралығындағы COVID-19 күндік өсу қарқынының өзгеруін зерттеді.

Зерттеушілер сонымен қатар алдын-ала алынған COVID-19 жағдайларының санын болжады. Белгілі болғандай, маскамен 230 000-нан 450 000-ға дейін аурудың алдын алуға болады.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда карантин мерзімі ұзартыла ма

Естеріңізге сала кетейік, премьер-министр Асқар Мамин үкіметтің онлайн отырысында күзде туындауы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болуды, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыруды тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі үкіметтің онлайн отырысында Алексей Цой өткен тәулікте елімізде коронавирустан 33 адамның көз жұмғанын айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Ғалымдар масканың коронавирус жұқтыру қаупін төмендететінін мәлімдеді