Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі травматолог өмірден өтті

Опубликовано:

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, бес монография мен жеті патенттің авторы Темірболат Сұлтанбаев қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматыдағы №4 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Әйгілі травматолог өмірден өтті
Фото: test.web.almamed.kz: UGC

Медициналық мекеменің мәліметінше, дәрігер бүгін, 4 тамыз күні қайтыс болды.

Темірболат Жұмасылұлы - Қазақстан Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Асфендияров атындағы Медицина университетінің кафедраларының бірінің профессоры.

Дәрігердің медицинада үлкен тәжірибесі бар. Сұлтанбаев травматология саласында жұмыс істеді және таңдаған саласындағы жетістіктері үшін бірнеше рет марапатталды.

Сондай-ақ, 2008 жылы "Алтын скальпель" номинациясы бойынша диплом алып, 2016 жылы Асфендияров атындағы медицина университетінің "Алтын медалімен" марапатталды.

Темірболат Жұмасылұлы жүздеген ғылыми еңбек пен бірқатар монографиялардың авторы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бас травматологы Нұрлан Батпеновтың қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік.

Қаралы хабарды травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Нұрлан Батпенов 71 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Танымал дәрігер әрі профессордың өлімі не себепті орын алғаны хабарланған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868085-jgili-travmatolog-mirden-tti/

pixel