RU

Қазақстандық балуандар қаза тапқан жол-көлік оқиғасының мән-жайы белгілі болды

Telegram logo VKontakte logo

Кеше, 3 тамыз күні үш қазақстандық спортшы жантүршігерлік апаттан көз жұмды, тағы екеуі ауыр жарақат алды. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қазақстандық палуандар қаза тапқан жол-көлік оқиғасының мән-жайы белгілі болды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Құқық қорғау органдарының ақпарынша, апат таңертең "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолында болған.

Жол апатына түскен шетелдік көлікті 21 жастағы алматылық азамат басқарған.

Спортшылар мінген көліктің Алматыдан Таразға бара жатқандығы хабарланды. Бір сәтте жүргізуші темір тұлпарды басқара алмай, нәтижесінде көлік оң жаққа төңкерілді.

Оқиға орнында екі жолаушы қайтыс болды, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі Ілияс Жұмай бүгін, 4 тамыз күні медициналық мекемеде қайтыс болды.

Полиция тергеуді бастады. Апаттың нақты себептерін СМЭ белгілейді және автомобильдің техникалық жағдайына сараптама жасайды.

Тағы да оқыңыздар

Белгісіз адам жергілікті тұрғынды ұрып, көшеге лақтырып кеткен

Lada.kz хабарлауынша, оқиға орнында қаза тапқан спортшылардың бірі еркін күрестен Қазақстан чемпионы Жақсыбек Қарабалаев болып шыққан.

Онымен бірге оқиға орнында Жанбота Байбазар көз жұмды. ҚазАқпараттың жантүршігерлік жаңалығына Жұмай мен Қарабалаев кіретін ұлттық құраманың жаттықтырушысы Аслан Байғұлов түсініктеме берді.

Оның айтуынша, жігіттер үйіне қайтып бара жатқан. Сондай-ақ, Байғұловтың сөзінше, ЖКО-дан зардап шеккен екі спортшы қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстандық балуандар қаза тапқан жол-көлік оқиғасының мән-жайы белгілі болды