RU

Қостанай облысында ер адам полиция қызметкерінің құлағын қыршып алды

Telegram logo VKontakte logo

Қостанай облысында карантин режимін бұзған ер адам полиция қызметкерінің құлағының бір бөлігін жұлып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысында ер адам полиция қызметкерінің құлағын қыршып алды

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әулиекөл ауылында ВАЗ 2110 көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы карантин режимін бұзған.

Ұстау кезінде олар белсенді түрде қарсылық танытып, көліктегі жолаушы полиция қызметкерінің бірінің құлағын қыршып, бір бөлігін жұлып алған.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігі "Билік өкіліне зорлық-зомбылық қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Белгілі болғандай, жыл басынан бері полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетудің 9 фактісі тіркелген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшіні қорлаудың 45 фактісі тіркелді.

Ол бұл әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске салды. Полицияның әрекеттерімен келіспеген жағдайда сіз 54-42-47- сенім телефонына немесе 102 нөміріне хабарласуыңыз керек.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда көлік айналарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда есірткі тұтынып, мас күйде болған ер адамның учаскелік полиция қызметкеріне оқ атқанын хабарлаған болатынбыз.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір әйел "102" басқару пультіне хабарласып, күйеуімен ұрсысып қалғандықтан өз-өзіне қол салмақ екенін айтқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қостанай облысында ер адам полиция қызметкерінің құлағын қыршып алды