RU

"Бір ай жансақтау бөлімінде жатты": Алматыда өкпесінің 90 пайызы зақымданған келіншек аман-есен босанды

Оңтүстік астанада өкпесінің 90 пайызы зақымданған келіншек аман-есен босанды. Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел медициналық мекемеде бір ай жатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, 22 жастағы келіншек перзентханаға аса ауыр жағдайда түскен. Дәрігерлер ол 28 күн жансақтау бөлімінде жатты деп отыр.

Covid-19 вирусы келіншектің өкпесін жайлағандықтан, ол өздігімен тыныс ала алмай, аппаратқа қосулы болған.

Ақхалаттылар анасы ауырғанына қарамастан, дүниеге дені сау бала алып келгенін атап өтті. Олар нәресте өмірге келген соң келіншектің де беті бері қарай бастағанын жеткізген.

"Келіншек ауырып, 10-шілдеде келіп түсті. Өзінің қауіпті дертке шалдыққанын білмей, тұмау деп үйінде емделген. Сондықтан жас аналардан сұраймыз, егерде қандай да бір белгі байқаған болсаңыз, міндетті түрде стационарға жүгініңіз. Қазір ауруды ерте анықтауға, емдеуге барлық жағдай жасалған", - деді №2 Алматы қалалық перзентханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Гүлнұр Байболова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1868119-bir-aj-zansaktau-bliminde-zattyalmatyda-kpesini-90-pajyzy-zakymdangan-kelinsek-aman-esen-bosandy.html