RU

Ливанда жойқын жарылыс болды: Қаза тапқандар бар (фото, видео)

Telegram logo VKontakte logo

Ливан астанасы Бейрутте жойқын жарылыс болды. Алдын-ала мәлімет бойынша онға жуық адам қаза тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: twitter.com/AnaLebnaniyii

Фото: twitter.com/AnaLebnaniyii: UGC

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, жарылыс салдарынан кем дегенде он адам қайтыс болған.

Al Arabiya телеарнасы өз кезегінде Ливан журналистеріне сілтеме жасап, оқиға орнында алты адамның денесі табылғанын мәлім етті.

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images: UGC

Оқыс оқиға порт маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, пиротехника артқан кеме жарылды.

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images: UGC

Оның жойқын болғаны соншалық, бірнеше шақырым жердегі тұрғын үйлердің терезесі сынып кеткен. 

Қызыл Крест қызметкері РИА Новостиге берген сұхбатында көптеген адам ұшқан шишалардан зардап шеккенін айтты.

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images: UGC

"Портқа жақын жерде бірнеше үй қирады. Біздің ақпаратымыз бойынша, қирандылардың астында адамдар болуы мүмкін", - деді агенттік.

Тағы да оқыңыздар

Бейруттегі жарылыс: Қаза тапқандардың саны 100-ден асты

Сонымен қатар, ресейлік басылым тілшісі жүздеген адам жарақат алғанын, жедел жәрдем машиналары жәбірленушілерді Зайтуна-бей ауданынан көршілес кварталдардаға шығарып жатқанын хабарлады.

Өртті сөндіруге тікұшақтар тартылған

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images: UGC

Фото: Daniel Carde/Getty Images

Фото: Daniel Carde/Getty Images: UGC

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Ливанда жойқын жарылыс болды: Қаза тапқандар бар (фото, видео)