Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ливан премьер-министрі Бейруттегі жарылысқа не себеп болғанын айтты (видео)

Опубликовано:

Ливан премьер-министрі Хассан Дияб 70-тен астам адамның өмірін жалмаған Бейрут портындағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images
Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images: UGC
"Мен болған жағдайға жауапты адамды тауып, оған қатаң жаза тағайындамағанша тынышталмаймын. Өйткені салмағы 2750 тонна болатын аммиак селитрасының партиясы 6 жыл бойы қоймада сақталған және азаматтардың өміріне қауіп төндіретін шараның алдын алу үшін тиісті шаралар қабылданбаған", - деді Хассан Дияб.

Сонымен қатар, Ливан премьері оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құруды ұсынды. Олар 48 сағаттың ішінде апат себебін анықтап, кінәлілерді жариялау керек.

Соңғы дерек бойынша, Бейруттегі жарылыс салдарынан 73 адам қаза тауып, 3700-ден астам адам жараланды.

Еске сала кетсек, кеше Ливанның астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан көптеген адамдар жарақат алып, қаза тапты.

Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, ағымдағы жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылды.

Осының салдарынан Ливандағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясының консулы жеңіл жарақат алды. Бұл ақпаратты еліміздің сыртқы істер министрлігі растап отыр.

"Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1868132-livan-premer-ministri-bejruttegi-zarylyska-ne-sebep-bolganyn-ajtty-video/

pixel