RU

Қазақстанда бір тәулікте мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Telegram logo VKontakte logo

Елімізде өткен тәулікте 1062 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 493 клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Атап айтқанда, аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласында - 210 / 108

Алматы қаласында - 176 / 101

Шымкент қаласында - 14 / 8

Ақмола облысында - 46 / 22

Ақтөбе облысында - 11 / 3

Алматы облысында - 22 / 12

Атырау облысында - 38 / 26

Шығыс Қазақстан облысында - 122 / 50

Жамбыл облысында - 41 / 15

Батыс Қазақстан облысында - 59 / 28

Қарағанды облысында - 92 / 21

Қостанай облысында - 55 / 23

Қызылорда облысында - 28 / 15

Маңғыстау облысында - 30 / 17

Павлодар облысында - 46 / 23

Солтүстік Қазақстан облысында - 52 / 9

Түркістан облысында - 20 / 12 адам тіркелді.

Жалпы соңғы деректерге сәйкес, республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 94 882 адамға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық жеті ғалым өздері әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізгенін хабарлаған болатынбыз.

Вакцина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген. 26 шілдеде Бас директор Күнсұлу Закарья бастаған бес ғалымға COVID-19-ға қарсы вакцина жасалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанда бір тәулікте мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды