RU

"Мұндайды өмірімде көрмедім": Бейрут тұрғыны порттағы жарылыс туралы айтты

Telegram logo VKontakte logo

Ливан астанасы Бейрутта орын алған жарылыс барша қала тұрғынының зәресін ұшырды. Оқыс оқиға шамамен сағат кешкі алтыда болған. Ол кезде көптеген ливандық әлі де жұмыста отырған деп жазады KAZ.NUR.KZ

Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images
Фото: Hasan Shaban/Bloomberg via Getty Images: UGC

Порттағы жарылыс барша ливандық үшін күтпеген жағдай болғаны анық. Life.ru басылымының хабарлауынша, кейбір қала тұрғындары жарылыс кезінде үйін жинап, далада серуендеп немесе кеңседе жұмыс күніннің аяқталуын күтіп отырған.

Желіде тарап кеткен кадрлардан адамдардың алдымен балаларды көтеріп алып, қауіпсіз жер іздегенін байқауға болады.

Жарылыс куәгерлерінің бірі Хади есімді азамат болды. Төтенше жағдай кезінде ол таксимен үйіне қарай бара жатқан. Ер-азамат жарылыс орын алған порттың қасында тұрады. Өкінішке қарай, оның да баспанасы жермен-жексен болған.

Тағы да оқыңыздар

BBC тілшісі сұхбат алып жатқанда Бейруттағы жарылыс камераға түсіп қалған (видео)

Хади өмірінде мұндай жағдайға мүлдем тап болып көрмегенін айтады. Алып түтін Ливан астанасын санаулы секундтарда басып алған.

Оның сөзінше, жарылыс салдарынан көлік пен ғимарат терезелері шағылып, көптеген нысан қирап қалған. Хади бұл күнді нағыз қорқынышты түсі секілді есінде сақтап қалары анық. Үрейге бой алдырған адамдардың жан-жаққа жүгіріп жатқаны әлі оның көз алдында.

Хадидің айтуынша, түтін бірнеше шақырымға таралып, байланыс жүйесі істен шығып қалған.

Еске сала кетсек, кеше Ливанның астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан көптеген адамдар жарақат алып, қаза тапты.

Ливан премьер-министрі Хассан Дияб Бейруттағы жарылысқа не себеп болғанын айтты. Оның мәлімдеуінше, көптеген адамның өмірін жалмаған Бейрут портындағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болған.

Тағы да оқыңыздар

Бейруттағы жарылыс кезінде діни қызметкер төбе құлағанша, дұға етуді тоқтатпаған (видео)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Мұндайды өмірімде көрмедім": Бейрут тұрғыны порттағы жарылыс туралы айтты