RU

Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес орын алды (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Елордада бір топ жасөспірім қаланың қақ ортасында жаппай төбелесті. Өзара келісе алмаған екі тараптың қақтығысы Нұр-Сұлтандағы сауда орталығының алдында орын алып, куәгерлердің камераларына түсіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Хан Шатыр. Фото: 2gis.kz

Хан Шатыр. Фото: 2gis.kz: UGC

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі Аstanovka98 парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан жиырма шақты жігіттің "Хан Шатыр" орталығының алдында төбелесіп жатқанын көруге болады. Олар жұдырықтасып қана қоймай, бір-бірлерін тебуге дейін барған.

Ашуға бой алдырған жігіттер көпшіліктің көзінше бір-бірін аяусыз соққыға жықты. Алайда, патрульдік көлікті көрген бойда жастар бірден жан-жаққа қаша бастайды.

NUR.KZ редакциясы оқиғаның мән-жайын білу үшін құқыққорғау органдарына жүгінді. Елордалық полиция департаментінде келеңсіз жағдайдың өткен сенбі, бірінші тамыз күні орын алғанын хабарлады.

Анықталғандай, елорда орталығында жұдырықтасқандар кәмелетке толмаған балалар болып шықты. Полицияның хабарлауынша, оларды оқиға орнында ұстаған.

Тағы да оқыңыздар

Шымкент тұрғындары карантинге қарамастан жағажайларда демалуда (видео)

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, төбелеске екі жасөспірім арасындағы келіспеушілік себеп болған. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салсақ, 21 шілде күні Шорнақ ауылының тұрғындары арасында ауыр қақтығыс орын алған болатын.

Тәртіп сақшылары жаппай төбелеске қатысқан және қатысы бар болған 80-нен астам адамды ұстады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдер арасында жаппай төбелес орын алды (видео)