RU

Соңғы тәулікте 17 қазақстандық пневмониядан көз жұмды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 1799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Елімізде 2020 жылғы 1 тамыздан бастап енгізілген пневмония бойынша ресми статистикаға сәйкес, аталған ауруға шалдыққандар саны 8 мыңнан асқан, 86 өлім жағдайы тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігі тәуліктік деректер және оң ПТР-тесті бар коронавирус инфекциясымен ауырғандар мен қайтыс болғандардың жалпы саны, сондай-ақ теріс ПТР-тесті бар КВИ туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік парақшаларда күнделікті форматта жарияланатынын хабарлайды.

Өңірлер бойынша ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілінің брифингтері барысында апта сайынғы негізде ұсынылатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 1062 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 493 клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелген.

Сондай-ақ бұған дейін қазақстандық жеті ғалымның өздері әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізгенін хабарлағанбыз.

Вакцина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген. 26 шілдеде Бас директор Күнсұлу Закарья бастаған бес ғалымға COVID-19-ға қарсы вакцина жасалды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1868195-sogy-tulikte-17-kazakstandyk-pnevmoniadan-kz-zmdy.html