RU

Таймерденов Алматыда полицейлер неше жалақы алатынын айтты

Telegram logo VKontakte logo

Департамент басшысы Қанат Таймерденов Facebook әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде Алматы полициясы қанша жалақы алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қанат Таймерденов биыл "Жол картасы" бағдарламасы аясында саптық бөлімдердің жалақысы 65 пайызға артқанын атап өтті.

"Егер өткен жылы патрульдік полиция қызметкерлері 80-90 мың теңге алса, қазіргі уақытта сержанттар 140 мың теңге, ал офицерлер 160 мың теңге алады. Сондай-ақ, "Жол картасы" аясында қызметкерлер жеке баспанасы болмаса, пәтер жалдағаны үшін әр отбасы мүшесіне 40-45 мың теңге көлемінде өтемақы төлемдерін алады", - деді қалалық полиция департаментінің басшысы.

Еске сала кетсек, кеше Алматыда тәртіп сақшылары карантин талаптарына қарамай жұмыс істеген көңіл көтеру орнын анықтады.

Тағы да оқыңыздар

"Дәрігерлер карантинде көңілді отырыс өткізді": Тиісті мекеме түсініктеме берді

Караоке-бар "Қазақстан" қонақ үй кешенінің 25-қабатында қонақтарды қабылдаған. Арнайы мобильді топтың келуі күтпеген жерден болған: инспекторлар түн ортасында көңіл көтеру мекемесіне кірді.

Карантин кезінде ән айтқысы келгендерді күзетшілер лифт арқылы барға көтерген. Тексеру кезінде клубта 35 адам болды. Ведомство, олар жеке қауіпсіздік шараларын ұмыт қалдырды деп отыр.

Полиция тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылғанын мәлім етті. Санитарлық нормаларды бұзғаны үшін оларға 30 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Таймерденов Алматыда полицейлер неше жалақы алатынын айтты