RU

Алты жасар қызы көз жұмған алматылық келіншек жанайқайын айтты

Telegram logo VKontakte logo

2019 жылдың 12 мамырында алты жасар алматылық Лиза Пылаева қайтыс болған. Әкесі оның өліміне кінәлі деп ел алдында анасы Марина Рыжакованы айыптады. Ал бір жылдан астам уақыт қайғылы жағдай туралы тіс жармаған әйел алғаш рет өмірін түбегейлі өзгерткен қорқынышты оқиға туралы не ойлайтынын және қандай сезімде екенін ашық айтты. Марқұмның анасы барлығын тергеу жұмыстары анықтауы тиіс екенін жеткізді деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Марина Рыжакова
Фото: zakon.kz

Әйел бір жыл бойы үнсіз қалу себебін және қызы Лиза қайтыс болған күннен бастап басылым беттеріне неліктен жауап бермегенін, әлеуметтік желіде өз пікірін жеткізбегенін түсіндіріп өтті.

"Жақыныңнан айырылсаң, әсіресе балаңнан, бұл туралы бірден бөлісуге ниетің болмайды. Мен керісінше барлығынан алыстағым келді. Ешкіммен араласпай, оқшаулана бастадым. Маған қазірдің өзінде болған оқиға туралы айту қиынға соғады. Өмірдегі ең қиын сәтті басымнан өткізген кезде жай ғана пікір білдіретін күш болған жоқ. Иә, мен қызымның өлімі туралы бір жылдан астам уақыт бойы пікір білдіргенім жоқ. Алайда, уақыт өтуде. Тергеу әлі жалғасып жатыр. Менің бұрынғы күйеуім Александр Пылаев пен анасы Алла Пылаева және олардың "қолдаушылар тобы" - барлығы жанұямның кінәсі туралы жариялап келеді. Мен бұдан кейін үндемей отыра бермеймін деп шештім”, - деді әйел.
Кісен

Тағы да оқыңыздар

Оралда мәслихат депутатының 17 жастағы ұлы ұсталды

Ол бұрынғы күйеуі Александр мен енесі Алла Пылаеваның әлеуметтік желіде не жазып жүргенін бақыламайтынын айтты.

“Мен әлеуметтік желілерді қолданбаймын және жеке парақша ашқан емеспін. Александр Лизаның ауруханадағы фотосын аккаунтына салған уақытта онымен тіпті әлеуметтік желіде де сөйлесе алмайтынымды түсіндім. Лизаны тәрбиелеу тәртібін анықтау мәселесі сотта шешілді. Менің ойымша, аталған мәселе бойынша соттың шешімі менімен және әкесімен бірге тұрған Лизаның қызығушылықтарына толықтай сәйкес келді. Мен олардың қарым-қатынасына ешқашан араласқан емеспін. Тіпті, Александрға да барлық туыстарым сияқты қайғылы жағдай туралы бірден хабарладым. Ол қолдау көрсетеді деп үміттендім. Сол кезде мен қатты шатастым және не істеу керектігін түсінген жоқпын. Александр ауруханаға келіп, Лизаның өліміне мені және басқа да туыстарымды кінәлады. Содан кейін Лизаны көріп, оны да суретке түсіре бастады. Мен одан алдағы уақытта тіпті не күтерімді де білмеймін. Қорқынышты суреттердің таралуы мен туыстарымды Лизаның өліміне кінәлауды қалай түсіндірерімді білмеймін", - деді Марина.

Полиция

Тағы да оқыңыздар

Желіде "ұйықтап жатқан" полицейді видеоға түсірген азамат сынға ұшырады

Алматылық келіншек қайғылы жағдай орын алған күні қызы неліктен үйде қараусыз қалғанын жеткізді.

“Бұл біздің ең қарапайым күніміз еді. Лизаны үлкен ағасы Кирилл тамақтандырып, содан кейін мультфильм қойып берген. Ал өзі сабағын орындау үшін бөлмесіне көтеріліп кетті. Мен де сол уақытта үйде едім. Әжесі де біршама уақытта қонақ бөлмесінде Лизамен бірге отырды. Содан кейін Кириллдің сабағына көмектесу үшін, әкеме дәрі беру үшін жоғарыға қарай 20-30 минуттай көтерілдім. Осыдан соң қайта төменге түстім. Төменге түскенде Лиза үйде болған жоқ. Сол уақытта менің анам, Лизаның әжесі біздің жұмысшымыз Ухтамадан Лизаны бақтан іздеуді өтінді. Ол менің қызымды бақ мүсінінің астында жатқан жерінен тауып алды. Жұмысшының жан дауысы шықты. Анам сол жаққа қарай тура жүгіріп, бізді шақыра бастады", - деді марқұмның анасы сол күнгі оқиғаны есіне алып.

Тағы да оқыңыздар

Ақтауда жаназаға 100-ден аса адам жиналды: Марқұмның туыстары кешірім сұрады

Ол жарақат алған Лизаны бақтан тапқан уақытта неліктен жедел жәрдем шақырмағанын және балалар ауруханасына емес ересектерге арналған он екінші қалалық ауруханаға апарғанын да түсіндірді.

“Жедел жәрдемді күтіп отыру мүмкін емес еді. Уақыт сырғып жатты. Өз көлігімізге мініп, ауруханаға жеткенде, бұны дұрыс шешім деп ойладым. Әкем, Лизаның атасы рөлде отырды және барлығын қабылдай беретін орталық ауруханаға тура тартты. Ол бұл аурухананы жақсы біледі. Сол сәтте әкеме ашуланғаным есімде, маған ол кісі көлікті ақырын жүргізіп бара жатқандай көрінді, ал өзім қалай көмек берерімді білген жоқпын. Маған бірнәрсе істеу керек сияқты болып көрінді. Содан Лизаға жасанды тыныс беру әдісін жасадым. Мен баланың өлуі мүмкін деген ойға ерік бергенім жоқ. Соңына дейін өмірін құтқару мүмкіндігі бар деп ойлайды екенсің. Құдай ешкімнің басына мұндай жағдайды бермесін", - деді алматылық келіншек.

Тағы да оқыңыздар

Коронавирустан жазылып шыққан Дана Нұржігіт Алакөлде демалып қайтты (видео)

Әйел баланың әкесіне де болған жағдайды тез арада хабарладым деп отыр.

“Барлық туыстарымды, жақындарымды, Лизаның әкесін, әпкемді, оның күйеуін шақырдым. Барлығынан ауруханаға келіп, қолдан келгенше қол ұшын беруін өтіндім. Біз ауруханада ары-бері жүгірдік және дәрігерлер бізді күтіп алды. Мен барлығына хабарласып шықтым”, - деді Марина.

Сонымен қатар, алматылық келіншек неліктен "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Менің түсінуімше, Лизаның денесінде жарақаттар болған. Бұндай жағдайда әрдайым осындай бап бойынша іс қозғалып, өлімде зорлық-зомбылық болған-болмағандығы анықталып, тергеу жүргізіледі. Мен және менің барлық отбасым тергеу амалдарына толық қатысудамыз

Менің ойымша, қазір Александр Пылаев талап еткен оқиғаның бірнеше нұсқасы тексерілді. Мен бұрынғы күйеуімнің тарапынан құқық қорғау органдарына қандай қысым жасалғанын түсінемін. Ол баспасөз мәслихаттарын ұйымдастырады, әлеуметтік желілерде пост жазады және фактілермен емес, негізсіз айыптаулармен жұмыс істейді. Оның барлық нұсқаларын, тіпті ең абсурдтарын да тергеу кезінде толық зерттеді.

Тағы да оқыңыздар

"Үш жыл бойы көтермеген": Еркектің төсектегі қуатын арттыратын көрпеше жайлы не білеміз

Ал біздің нұсқаларымыз бұған қарағанда әлдеқайда негізделген, алайда қандай да бір себептермен елеусіз қалып жатыр. Осыған байланысты адвокаттарымыз көптеген шағымдар жазды және біз бұл істі Бас прокуратураға тапсыруды және түрлі ведомствоның өкілдері қатысатын ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құруды сұрауға мәжбүрміз.

Менің бір ғана сұрайтыным - объективті тергеу. Лизаның қазасы - менің қайғым. Мен онымен өмір сүруім керек. Мен адамдардың барлығын толық білгісі келетінін түсінемін. Алайда тергеу жұмыстары толық аяқталған жоқ. Ал біз мәліметтерді жария етпеу туралы келісімге қол қойдық. Сол себепті барлығынан асығыс шешім қабылдамауды және менің отбасымның мекен жайына жаман сөздер айтпауды сұраймын", - деп сөзін аяқтады марқұмның анасы Марина Рыжакова.

Тағы да оқыңыздар

"Қоғамға пайдалы болу керек": 18 жастағы ерікті өз еркімен ауруханаға жұмыс істеуге барған

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алты жасар қызы көз жұмған алматылық келіншек жанайқайын айтты