RU

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Telegram logo VKontakte logo

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке Өмірзақ Ниязбеков келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңір әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Алматы облысы әкімінің сайты
Фото: Алматы облысы әкімінің сайты: UGC

Өмірзақ Ниязбеков 1966 жылы дүниеге келген. Алматы қаласы мемлекеттік медицина университетін тәмәмдаған. 

Еңбек жолын Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы Алакөл орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде хирург болып бастаған.

2018 жылдың шілдесінен Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын хабарлаған едік.

43 жастағы Тимур Мұратовты қала әкімі Алтай Көлгінов шаһардағы ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлерімен өткен онлайн-кеңесте таныстырған болатын.

Тағы да оқыңыздар

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Сол кезде Көлгінов жаңа басшыға коронавирустың таралу динамикасын төмендету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырған еді.

Жалпы Тимур Мұратовтың медицина саласында 20 жылдық тәжірибесі бар.

Сонымен қатар таяуда ғана Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалған Сәкен Сәрсенов жаңа қызметі жайлы айтып берген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді