RU

Мьянмалық ару қыпша белімен желі қолданушыларын таңғалдырды

Девушка измеряет талию сантиметровой лентой
Иллюстративное фото: pixabay.com

Мьянмалық 23 жастағы Су Наин есімді студенттің әлеуметтік желідегі суреттері жұрт назарынан тыс қалмайды. Бойжеткеннің парақшасына кірген оқырман оның фотошопты тым көп қолданып, жасанды көрінетінін жазады. Алайда Су жаратылысы өздері көргендей екенін айтудан жалықпайды деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

Су Наинның сырт келбеті, дәлірек айтқанда, небәрі 34,8 сантиметрді құрайтын қыпша белі жұрт назарын өзіне аударады.

Мьянмалық ару қыпшабелімен желі қолданушыларын таңғалдырды
Фото: instagram.com/sumohnaing: UGC

Бойжеткенді өз көзімен көрген жандар оның шын өмірде суреттегіден де сұлу әрі тартымды екенін айтып жатады екен.

Су қыпша белді ару атану үшін ештеңе істемеген. Мәселен британиялық Этель Гарнердің белі Наиннің белінен небәрі 1,5 см-ге жіңішке. Алайда ол мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін арнайы корсет қолданған.

"Менің жолым болды, бұл жай ғана генетика. Денім сау. Дұрыс тамақтанамын. Сырт келбетімді оғаш деп есептемеймін. Суретке түскен ұнайды. Көпшілік менің сұлу екенімді айтады", - дейді Су.

Судың әлеуметтік желіге жариялаған видеосынан оның шын мәнінде белі тым жіңішке екенін анық көргеу болады.

Айта кетейік, Су Наин әлемдегі ең жіңішке белді бойжеткен емес. Сол себепті Гиннес рекордтар кітабында да оның есімі әзірге жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аяғының ұзындығы бойынша әлемде екінші орында тұрған моңғолиялық ару жайлы жазған едік.

Сондай-ақ, 22 жастағы сәнқой ару мінсіз мүсінге ие болудың сырымен бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1868233-manmalyk-aru-kypsa-belimen-zeli-koldanusylaryn-tagaldyrdy.html