RU

Қорғаныс министрлігі тікұшақтардың Шымкентті неге айналып жүргенін түсіндірді

Telegram logo VKontakte logo

Шымкент қаласының тұрғындары әуеде қалықтап жүрген әскери тікұшақтарды талқылап жатыр. Арасында әуе көліктерінің не мақсатпен айналып жүргеніне болжам жасағандар да бар. Осы орайда қорғаныс министрлігі бұдан еш қорқудың қажеті жоқ екенін, мұның тек жоспарлы ұшу екенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі: Instagram

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл жоспарлы түрде өткізілетін ұшу жаттығулары.

"Олар өткен түнде қараңғы түскен уақытта өтті. Қазір күндізгі тапсырмалар пысықталып жатыр. Дүрбелеңге салынуға ешқандай себеп жоқ", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Айта кетейік, шілде айының басында әлеуметтік желіде авиацияның көмегімен елді мекендердің үстінен биохимиялық дәрі шашылып жатқаны туралы хабарлама тарай бастады.

Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны айтып, ел тұрғындарын жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Тағы да оқыңыздар

"Дәрігерлер карантинде көңілді отырыс өткізді": Тиісті мекеме түсініктеме берді

Сонымен қатар, желіде қазақстандықтар бір-біріне "дезинфекциялық тікұшақтар" туралы ақпараттық хабарламаны белсенді түрде жібере бастады. Ол жерде тікұшақтардың дезинфекциялық заттарды сепкені айтылған.

Алайда Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін, тікұшақтар ормандар мен даладағы өртті сөндіру үшін ғана қолданылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов "тікұшақ көмегімен қалаға ауа арқылы вирус шашып жатыр" деген хабарламаға пікір білдіріп, халықты дүрліктірген ақпаратты толығымен жоққа шығарған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қорғаныс министрлігі тікұшақтардың Шымкентті неге айналып жүргенін түсіндірді