RU

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Telegram logo VKontakte logo

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңір әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Жамбыл облысы әкімінің сайты
Фото: Жамбыл облысы әкімінің сайты: UGC
"Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 5 тамыздағы өкімімен Марат Сейітбекұлы Жұманқұлов өз өтінішіне сәйкес денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылды.
Басқарма басшысының міндетін атқару денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мырзақасымов Хамит Саттарқұлұлына жүктелді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын, бұл қызметке Өмірзақ Ниязбеков келгенін жазған болатынбыз.

Өмірзақ Ниязбеков 1966 жылы дүниеге келген. Алматы қаласы мемлекеттік медицина университетін тәмәмдаған. 

Еңбек жолын Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы Алакөл орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде хирург болып бастаған.

Тағы да оқыңыздар

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын хабарлаған едік.

43 жастағы Тимур Мұратовты қала әкімі Алтай Көлгінов шаһардағы ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлерімен өткен онлайн-кеңесте таныстырған болатын.

Тимур Мұратовтың медицина саласында 20 жылдық тәжірибесі бар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті