RU

BBC тілшісі сұхбат алып жатқанда Бейруттағы жарылыс камераға түсіп қалған (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Би-би-си тілшісі Бейрутта жойқын жарылыс болған кезде тікелей эфирде сұхбат алып жатқан. Қатты тербелістен кеңсе қирап қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейруттағы жарылыс BBC тілшісінің сұхбаты кезінде камераға түсті (видео)

Фото: Видеодан кадр: UGC

Араб журналисі Марьям Туми Марокканың тұрақты энергетика агенттігінің жоба менеджері Фейсал Аль-Асилмен видеосұхбат жүргізіп тұрған.

Осы кезде жарылыстан тілші отырған кеңсенің әйнегі сынып, қабырғалар құлай бастаған. Жантүршігерлік сәт видеоға түсіп қалған.

Mirror басылымының ақпаратынша, тілші кадрда сөйлеп тұрған, алайда кенеттен қабырғалар шайқалып, камера жерге құлаған. Осы сәтте Марьямның шошыған даусын естуге болады. Оның сұхбаттасушысы Фейсал Аль-Асил болған жайттан абдырап қалған.

Естеріңізге сала кетейік, 4 тамызда Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Салдарынан 100-ден аса адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алған. Оқыс оқиға шамамен сағат кешкі алтыда Бейрут портында болған.

Тағы да оқыңыздар

Бейруттағы жарылыс кезінде діни қызметкер төбе құлағанша, дұға етуді тоқтатпаған (видео)

Кейін елдің премьер-министрі Хассан Дияб жарылысқа не себеп болғанын айтып берді.

Сондай-ақ, Хади есімді Бейрут тұрғыны оқиға жайлы баяндады.

Ер адам төтенше жағдай кезінде таксимен үйіне қарай бара жатқан. Ер-азамат жарылыс орын алған порттың қасында тұрады. Өкінішке қарай, оның да баспанасы жермен-жексен болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
BBC тілшісі сұхбат алып жатқанда Бейруттағы жарылыс камераға түсіп қалған (видео)