RU

Коронавирустың екінші толқынынан қауіптенген Қазақстан 24 млрд теңгеге дәрі сатып алды

Telegram logo VKontakte logo

Үкімет басшысы Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы "СҚ-Фармация" логистикалық хабына барып, онда коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрілердің бар-жоғымен және еліміздің денсаулық сақтау мекемелерін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен "СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев ауруханалар мен провизорлық орталықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін препараттардың 91 атауы жеткізілетінін мәлім етті.

Өткен айда медициналық препараттар өңірлер бойынша 8,7 миллиард теңгеге бөлінген. Ауруханалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жедел түрде қосымша дәрі-дәрмектер сатып алынған, емделушілер амбулаториялық деңгейде тегін ала алатын дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілген.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Коронавирустың екінші толқыны басталатын жағдай орын алса, компанияда 24 млрд теңге сомасына екі айлық дәрі-дәрмек қоры құрылуда, сондай-ақ карантин кезеңінде жекеменшік дәріханаларды нарық өз бетінше толықтыра алмайтын 19 тапшы дәрі-дәрмекпен жабдықтау мәселесі пысықталып жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Екі өңірдің медицина қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

"СҚ-Фармация" оларды қалалар мен ауылдық елді мекендердегі әр дәріханаға дейін толық жеткізеді.

Сондай-ақ Маминге компанияның логистикасын жақсарту шаралары туралы баяндалғаны белгілі болды. Оған сәйкес, жоспарлы рейстер саны 1,7 есеге артқан, тиеу мерзімі 2 аптадан 1 аптаға дейін қысқартылған, тауарларды хабтардан өңірлерге бөлу Cross-docking қағидаты бойынша жүзеге асырылмақ, ал қоймалардың жұмысы 24/7 режиміне көшірілген.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Үкімет басшысы өңірлерге дәрі-дәрмектердің тиелуін ерекше бақылауға алуды, күзгі-қысқы маусымда COVID-19-дан емдеу үшін барлық қажетті медициналық препараттардың болуын қамтамасыз етуді, дәрі-дәрмектерге қажеттілік артқан жағдайда шұғыл әрекет етуді, сонымен қатар, бөлшек сауда секторын тапшы дәрі-дәрмекпен толықтыру бойынша тапсырманы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Медициналық өнімдер мен препараттарды отандық өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі шараларды қабылдау қажеттігіне ерекше назар аударылды. 

Тағы да оқыңыздар

Соңғы 20 науқас үйлеріне қайтты: Елордада тағы бір стационар жабылды

"СҚ-Фармация" логистикалық хабын аралауға премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, денсаулық сақтау вице-министрі Елена Бюрабекова қатысты. 

Естеріңізге сала кетейік, премьер-министр Асқар Мамин бұған дейін үкіметтің онлайн отырысында күзде туындауы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болуды, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыруды тапсырған болатын.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз баяндамасында коронавирус эпидемиясы жағдайында кімдерге медициналық масқа тақпауға болатынын айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Коронавирустың екінші толқынынан қауіптенген Қазақстан 24 млрд теңгеге дәрі сатып алды