RU

"Үш күнде 37 млн теңге": Ақтөбеде өздігінен жүре алмай қалған алты баланың әкесі үйлі болды (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Ақтөбеде 46 жасында жалғызбасты әке атанған Оразбек Жүсіпқалиев баспаналы болды. Соңғы уақытта бірінің артынан бірі болған қайғылы жағдайдан көз ашпаған отағасы жаңа баспанаға кіргенде көз жасын тыя алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оразбек Жүсіпқалиев
Фото: NUR.KZ

Отбасыға көмектесуге арналған қайырымдылық шарасы Құрбан айт күні басталған. Ел көмегімен жиналған ақшаға 5 тамызда баспана алынып, жалғызбасты әке үйіне кірді.

"Біз тек себепшіміз. Бұл "қазақпын" деп жүрегі елжіреген халықтың алып берген баспанасы. Ақша жинауды Құрбан айт күні 31 шілдеде бастадық. Үш күннің ішінде 37 млн 3500 теңге жиналды. Өздеріңіз куә болғандай халықтың көмегімен Оразбек ағамыз баспаналы болды. Аллаға мың да бір шүкір. Көп көмегінің көл болғанының тағы да куәсі болдық. Алғысты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Салған садақаларыңызды Алла қабыл етсін", - дейді қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы Нұрия Жұмабайқызы.

Нұрия Жүсіпқалиевтер отбасына бөтен адам емес. Ол марқұмның туған бөлесі. Атырау облысының Сағыз ауданының тумасы. Жездесінің қайғысына бей-жай қарамай, ел көмегіне жүгінген.

Тағы да оқыңыздар

"Індет өзі кетеді": Әруақтармен сөйлесетін ақтөбелік емші көбірек құрбан шалуға шақырды

Оразбек Жүсіпқалиевтің үйі
Оразбек Жүсіпқалиевтің үйі: Фото: NUR.KZ

Ал Жүсіпқалиевтер отбасы осыған дейін алты баламен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Толыбай ауылында тұрды. Ауыл мұражайының күзетшісі болып жұмыс істейді. Отағасы көктемде алған жарақатынан кейін жұмысқа жарамсыз.

"Мамыр айында үйдің төбесі құлап, беломыртқамды сындырып алдым. Содан қалаға келіп ота жасаттым. Келіншегім төсекке таңылып қалған маған қараймын деп алты баланы алып, қалаға келді. Сол кезде індеттің өрши бастаған тұсы еді. Бес-ақ күн ауырды. 29 маусымда соңғы тексерістен өтіп, ауылға қайтуға жиналып отыр едік. Әйелімнің екі күн қызуы түспей, 1 шілдеде жедел жәрдем көлігімен ауруханаға әкетті. Ертеңіне қайтыс болды деген хабар келді. Жұбайым 28 маусымда ғана 34 жасқа толған еді", - дейді Оразбек Жүсіпқалиев.

Көпбалалы әкенің Ақбота, Ханшайым, Бекмұхамбет, Әбілқайырзан, Жанель, Бексұлтан есімді үш ұл, үш қыз бар. Үлкені 6-сыныпқа көшкен. Кенжелері енді еңбектеп бастаған 7 айлық бүлдіршін.

Тағы да оқыңыздар

Ақтауда жаназаға 100-ден аса адам жиналды: Марқұмның туыстары кешірім сұрады

Беломыртқасын жарақаттаған азамат отыра алмайды тек балдаққа сүйеніп жүреді. Қазір әйелінің қырық күндігіне дайындалып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 50-60 мың теңге жалақы алатын күзетшілердің жетім балаға баспана сыйлағанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Түркістан облысы Шардара ауданы Қоссейіт ауылдық округінде жалпы орта мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер жалғызбасты, көпбалалы анаға үш бөлмелі баспана сыйлағанын жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Үш күнде 37 млн теңге": Ақтөбеде өздігінен жүре алмай қалған алты баланың әкесі үйлі болды (фото)