RU

Бейрут портындағы жарылыс елге қанша шығын келтірді

Telegram logo VKontakte logo

Күллі әлемді дүрсілкіндірген Бейрут портындағы жарылыс елге үш пен бес миллиард аралығында шығын келтіргені белгілі болды. Төтенше жағдай кеше кешке орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images/Stringer

Фото: Getty Images/Stringer: Getty Images

РИА Новости басылымының хабарлауынша, Бейрут губернаторы Марван Аббуд порттағы жарылыс қалаға қандай мөлшерде шығын келтіргенін мәлімдеді. Қала басшысы оның мөлшері үш пен бес миллиард аралығында немесе тіпті одан да көп болуы мүмкін екенін айтты.

Марван Аббуд қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарынан көптеген адам баспанасыз қалғанын атап өтті. Сол себепті, бұл жайтты ескере отырып толық шығынды есептеп білу қиынға соғуда.

Еске сала кетейік, 4 тамызда Ливан астанасы Бейрутта жойқын жарылыс болып, қала тұрғындарының зәресін ұшырды. Олар ақырзаман басталды деп ойлап қалған. Алайда кейін Бейрут портында жарылыс болғаны анықталды.

Елдің премьер-министрі Хассан Диябтың сөзіне қарғанда, 100-ден астам адамның өмірін жалмаған порттағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болған.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Ливан астанасында болған жарылысты шабуыл деп атады.

Ол тіпті, неліктен мұндай пікірде екенін түсіндіріп те берген болатын.

Сондай-ақ, Трамп АҚШ-тың Ливанға көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Бейрут портындағы жарылыс елге қанша шығын келтірді