RU

Алматыда дәрі-дәрмек жасап шығаратын болады

Telegram logo VKontakte logo

Алматыда дәрі-дәрмек жасап шығаратын болады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасының тікелей эфирі кезінде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

"Бізде көктемнен бастап жұмыс істейтін бірнеше компания бар. Олар дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс заттарын жасап шығарған. Біз оларға көмектестік. Пайызсыз ақша бердік. Біз өзімізді өзіміз қаржыландыру үшін олардың көбісіне қаладан кәсіпорын ашуды ұсындық" , - деді Алматы қаласының әкімі.

Оңтүстік астана әкімдігі үкіметті бұл бағыттағы жұмысты еркін экономикалық салада кеңейтуге шақырды.

"Медициналық заттар мен дәрі-дәрмектерді өндіру бойынша бес фармкомпаниямыз бар. Бұгін бір компания оттегі концентраттарын шығаруға дайын екенін айтып жүгінді" , - деді Бақытжан Саыңнтаев.

Қала әкімі мұндай жобалар әрқашан қолдау табатынын алға тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы коронавирус инфекциясының жұқтыру оқиғаларының өрши түсуін түсіндірген болатын. Шаһар басшысы ол өткізілген тестердің санына тікелей байланысты екенін жеткізді.

Бұл туралы ол "Алматы" телеарнасының тікелей эфирі кезінде хабарлады. Әкім оңтүстік астана күз қыс кезеңіне дайын екенін айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыда дәрі-дәрмек жасап шығаратын болады