RU

Қазақстанда тағы 1060 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус статистикасы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясы табылған тағы 1060 адам тіркелген. Осылайша қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 95 942-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 1060 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның 513-і клиникалық белгілері жоқ тасушы", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 210 / 93

Алматы қаласы - 180 / 107

Шымкент қаласы - 19 / 13

Ақмола облысы - 38 / 19

Ақтөбе облысы - 11 / 1

Алматы облысы - 64 / 35

Атырау облысы - 46 / 40

Шығыс Қазақстан облысы - 97 / 39

Жамбыл облысы - 40 / 26

Батыс Қазақстан облысы - 53 / 24

Қарағанды облысы - 87 / 18

Қостанай облысы - 45 / 18

Қызылорда облысы - 14 / 4

Маңғыстау облысы - 35 / 32

Павлодар облысы - 42 / 13

Солтүстік Қазақстан облысы - 49 / 8

Түркістан облысы - 30 / 23

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 95 942 адам. Олардың 68 871-і жазылып шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін Балқаш дәрігерлері коронавирусқа сенбеген тұрғынды аман алып қалғанын жазған едік. 10 күн жансақтау бөлімінде жатқан ер адамның өкпесі 90 пайыз зақымданған екен.

Пациент ауруханаға түскеннен кейін үш аптадан кейін үйіне шығарылды. Оған амбулаторлық ем тағайындалған.

Сондай-ақ, науқас дәрігерлермен әңгіме барысында ауруға сенбегенін және маска тақпай жүргенінін мойындаған.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес тұрғындар жабық нысандармен бірге көшеде және көлікте маска тағып жүруге міндетті.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1868322-kazakstanda-tagy-1060-adamnan-koronavirus-anyktaldy.html