Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызын жүзіп үйретпек болған": СҚО-да ер адам досымен бірге суға кетті

Опубликовано:

Көл
Көл: Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында екі достың отбасылық демалысы қайғылы оқиғамен аяқталды. Каменное көлінде 9 жасар қызына жүзуді үйретпек болған азамат суға кетті, оны құтқарамын деп жүрген досы да суға кетіп, көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Петропавл қаласындағы көп жыл бойы дос болған қос отбасы көлдің демалысқа тыйым салынған аумағына барған.

Көлге келе сала 40 жастағы ер азамат қызына жүзуді үйретпек болған. Бірақ суда сіңірі тартылып қалған болуы керек, күтпеген жерден ол тұншыға бастаған.

Мұны байқап қалған 43 жастағы досы оны құтқарамын деп суға секіріпті. Алайда, өкінішке қарай, ол да судан шыға алмаған. Ал қыз дін аман.

Қазір оқиғаның мән-жайы мен марқұмдардың спирттік ішімдік ішкен-ішпегені анықталуда.

"Оқиға Қызылжар ауданында болды. Бугульский ауыл округінде. Біздің оперативтік құтқару бөлімі қызметкерлері орнына шығып, судан біреуін өздері шығарған, екіншісін құтқару бөлімінің қызметкерлері шығарған", - деді СҚО ТЖД басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Атығаев.

Дереккөз: КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елордада Нұра өзенінде суға батып бара жатқан қызды құтқарған ер адамның көз жұмғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында ер адам балаларын құтқарып, өзі суға кеткенін жазған едік.

Қайғылы жағдай Ефимовка ауылы маңында болған. ТЖ қызметкерлерінің айтуынша, олар отбасымен жексенбі күні Есіл өзенінің рұқсат етілмеген жеріне барып демалған.

Кенеттен шомылып жүрген 10 және 12 жастағы жеткіншектер суға батып, әкесі оларды құтқарып қалған. Алайда, ер адамның өзі өзі судан шыға алмай қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868330-kyzyn-zzip-jretpek-bolgan-sko-da-er-adam-dosymen-birge-suga-ketti/

pixel