Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дина Төлепберген: Тұрмысқа шығуды басты мақсат еткен дұрыс емес

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге пікірін білдірді. Ақпарат өкілі қыздар қауымына тұрмысқа шығуға қатысты келелі кеңестерін айтты. Ол бойжеткендерге келін атануға қатты асығып керек емес екенін түсіндірді. Оған қоса, телевизия маманы жігіттердің қатты отбасылы болғысы келетін қыздардан қашқақтайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген тұрмысқа кеш шыққан жөн деп санайды. Өзі 28 жасында келін атанған тележүргізуші басы бос қыздарға ел сөзінен қорықпай, тек нақты сенімді болған жағдайда ғана тұрмысқа шығуға кеңес берді.

Ол Instagram парақшасында әлі отбасылы болмаған арулардың тап болатын жағдайларын тізіп шықты.

"Жасым 28-де. "Мына қызды ешкім алмайтын болды" ☺️ Туыстарымның басты уайымы осы болғандай. Бәлкім олай емес те шығар. Бірақ сол кезде маған бәрі солай көрінген. 28 жасымда тұрмысқа шықтым. 29-ымда тұңғыш ана атандым. Бұл кеш пе? Білмеймін. Меніңше, кеш емес. Өмірді көрдім, өзімді сынадым, атым да затым бар болған келін болдым.

Түйгенім: тұрмысқа шығуды басты мақсат еткен дұрыс емес. "Қыз мұрату кету" дегенді мен басқаша түсінемін. Яғни, ата-анаңа масыл болмай, қаржылық тәуелділіктен шығу. Екіншіден, "сені ешкім алмады ғой" деуді дөрекі қате деп білемін. Бұл қызды кемсіту. " Өзіңе теңің табылмады ма?" деген сұрақты ғана түсінер едім.

Үшіншіден, ешкімнің асықтыруға құқы жоқ. Өзге адамның өміріне араласпа. Төртіншіден, күйеуге қатты шыққысы келетін қызды жігіттер сезетін сияқты. Содан қашқақтайды. Сондықтан тойды ойлағанша, өзіңді дамыту жайын ойлаған дұрыс деп білемін. Егер күйеуің ханзада болсын десең, ханшайым болыңыз" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1868362-dina-tlepbergen-trmyska-sygudy-basty-maksat-etken-drys-emes/

pixel