RU

Елімізде соңғы тәулікте тағы 34 адам COVID-19-дан,16 адам пневмониядан қайтыс болды

Ковид2
Көрнекі фото: pixabay.com

2020 жылдың 5 тамызындағы жағдай бойынша, Қазақстанда CОVID-19 белгілері бар пневмониядан 16 адам және коронавирустан тағы 34 адам көз жұмған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде соңғы тәулікте коронавирус белгілері бар пневмониядан және коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 50 адамға көбейген. Олардың 16-сы пневмониядан, 34-і COVID-19-дан қайтыс болған.

Қазіргі уақытта пневмониядан қайтыс болғандардың Қазақстанның қай өңірінде тіркеліп жатқаны таралуы туралы қосымша мәліметтер жоқ.

Олар апта сайынғы брифингте ұсынылады.

1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмония туралы жалпы статистика мынадай:

Расталған жағдайлар: 9 584 адам;

Қайтыс болғандар: 102 адам.

COVID-19 коронавирус инфекциясының 2020 жылдың 13 наурызынан бастап статистикасы мынадай:

Расталған жағдайлар: 95 942 адам;

Қайтыс болғандар: 1 159 адам;

Жазылып шыққандар: 68 871 адам.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте COVID-19 инфекциясы тағы 1060 адам анықталған.

Сонымен қатар Балқаш дәрігерлері коронавирусқа сенбеген тұрғынды аман алып қалғанын жазған едік. 10 күн жансақтау бөлімінде жатқан ер адамның өкпесі 90 пайыз зақымданған екен.

Пациент ауруханаға түскеннен кейін үш аптадан кейін үйіне шығарылды. Оған амбулаторлық ем тағайындалған.

Сондай-ақ, науқас дәрігерлермен әңгіме барысында ауруға сенбегенін және маска тақпай жүргенінін мойындаған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1868373-kazakstanda-sogy-bir-tulikte-34-adam-koronavirustan16-adam-pnevmoniadan-kajtys-boldy.html